25/09/2024   Среда

Коммунальное государственное учреждение
"Карагандинская областная психолого-медико-педагогическая консультация №6"
управления образования Карагандинской области

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ № 6 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯСЫ» КММ педагогтардын  бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
                
  1. логопед-мұғалім,
  2.    тифлопедагог,
  3.    сурдопедагог,
  4.    әлеуметтік педагог,
  5.    әдіскер.

орналасқан жері (мекен-жайы): Қарағанды обл., Шахтинск қ., Парковая көшесі, 35а ғимараты, электронды мекен-жай Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript., анықтама үшін телефоның нөмірі: 872156-23181, 872156-22112.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
арнайы педагогтар үшін (мұғалім-логопед, сурдопедагог, тифлопедагог)
жұмыс өтіліне талап қойылмай, «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл.
Білуі керек:  
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;
арнайы педагогика;
оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;
арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;
педагогикалық әдеп нормалары;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
әлеуметтік педагог үшін
жоғары педагогикалық білімі немесе «Әлеуметтік педагог» бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымында кемінде 5 жыл.

педагогика және психология, физиология, гигиена;
педагогикалық әдеп нормалары;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
әдіскер үшін
"Арнайы білім" (Дефектология) немесе "Психология" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілін кемінде 5 жыл растайтын құжат.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенцияны", Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасында", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы","арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"," Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, педагогика мен психология негіздерін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, менеджмент негіздерін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер.
Логопед-мұғалімнің лауазымдық міндеттері:
0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды логопедиялық тексеруді жүзеге асырады, ерекше білім беру қажеттіліктерінің құрылымы мен сипатын анықтайды, баланың психофизикалық мәртебесін ескере отырып, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.
Әртүрлі генездегі және айқындылық дәрежесіндегі ауызша және жазбаша сөйлеудің бұзылуын диагностикалайды, білім беру ұйымдарындағы логопедтік көмектің бағыттарын айқындайды.
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстарының жалпы бағыттарын анықтайды.
Сөйлеу бұзылыстарын түзету мәселелері бойынша ата-аналарға, педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді.
Балаға ұсынылған құжаттарды зерделейді және талдайды.
Білім беру және оңалту бағытын анықтау мақсатында зерттеу нәтижелерін алқалы талқылауға қатысады.
Білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді.
Білім беру жүйесінде ұқсас бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.
Семинарларға, конференцияларға, кәсіби қауымдастықтарға қатысады.
Әдістемелік кеңестердің отырыстарына қатысады. Өзінің кәсіби тәжірибесін жинақтайды, мақалалар жариялайды.
Озық тәжірибені үнемі зерделейді, оны практикада қолданады, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгерген, диагностикалық материалдарды жүйелейді, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістемелерін меңгерген.
Ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланысты жүзеге асырады, сөйлеу қабілеті бұзылған білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша оларға консультация береді.
Тифлопедагогтың лауазымдық міндеттері:
0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды тифлопедагогикалық тексеруді жүзеге асырады, ерекше білім беру қажеттіліктерінің құрылымы мен сипатын айқындайды, көру функциясының жай-күйін, баланың психофизикалық мәртебесін ескере отырып, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.
Балалардың даму ақауының құрылымы мен айқындылық дәрежесін, оқытуда арнайы құралдарды қолдану қажеттілігін (Брайль қарпі, үлкейткіш лупалар және т.б.) айқындайды.
Көру қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстарының жалпы бағыттарын анықтайды.
Көру қабілеті бұзылған балалармен білім беру ұйымдарындағы тифлопедагогтың жұмыс бағыттарын анықтайды.

Көру қабілеті бұзылған балаларды оңалту, оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға, педагогтарға, медицина қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсетеді.

Ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланысты жүзеге асырады, оларға ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша консультация береді.
Сурдопедагогтың лауазымдық міндеттері:
0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды сурдопедагогикалық тексеруді жүзеге асырады, ерекше білім беру қажеттіліктерінің құрылымы мен сипатын айқындайды, есту функциясының жай-күйін, баланың психофизикалық мәртебесін ескере отырып, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.
Арнайы әдістерді қолдана отырып, баланың сөйлеу және есту қабілетін зерттеуді қамтитын балалардағы даму ақауының құрылымы мен айқындылық дәрежесін анықтайды: А) тональды есту қабілетін зерттеуге дайындық; б) есту жағдайын педагогикалық зерттеу.
Есту қабілеті бұзылған балалармен, оның ішінде кохлеарлық имплантациядан кейін түзету жұмыстарының жалпы бағыттарын анықтайды.
Есту қабілеті бұзылған, оның ішінде кохлеарлық имплантациядан кейінгі балалармен білім беру ұйымдарында сурдопедагогтың жұмыс бағыттарын айқындайды.

Кохлеарлық имплантациядан кейін есту қабілеті бұзылған балаларды оңалту мәселелері бойынша ата-аналарға, педагогтарға, медицина қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсетеді.

Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері:
Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның микроорталарын, өмір сүру жағдайларын зерттейді, мүдделер мен қажеттіліктерді, проблемаларды, жанжалды жағдайларды, 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды.
Әлеуметтік қолдауға, оңалту іс-шараларына мұқтаждығы мен қажеттілігін анықтау мақсатында баланың отбасына әлеуметтік-педагогикалық тексеру жүргізеді.
Ата-аналарға (оларды алмастыратын адамдарға) баланың әлеуметтік тәрбиесі және оны әлеуметтік-құқықтық қорғау мәселелері бойынша консультация береді; әлеуметтік-педагогикалық қолдауды қажет ететін балаға құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі.
Отбасы мен білім беру, әлеуметтік, медициналық мекемелер арасында делдал болады; ата-аналармен, әлеуметтік қызметтердің мамандарымен, отбасылық және жастар жұмыспен қамту қызметтерімен және т.б. балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуде өзара әрекеттеседі.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді педагогикалық, әлеуметтік-еңбектік бейімдеу және оңалту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысады.
Әлеуметтік-педагогикалық тексеру хаттамасын жүргізеді, «Баланың даму картасын» рәсімдейді.
Балаға ұсынылған құжаттарды зерделейді және талдайды.
Ата-аналарға, педагогтарға, әлеуметтік қызметкерлерге әлеуметтік көмек алу, мүгедектікті рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
Білім беру және оңалту бағытын анықтау мақсатында зерттеу нәтижелерін алқалы талқылауға қатысады.
Білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді.
Білім беру, әлеуметтік қорғау жүйесінде ұқсас бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.
Семинарларға, конференцияларға, кәсіби қауымдастықтарға қатысады.
Әдістемелік кеңестердің отырыстарына қатысады. Өзінің кәсіби тәжірибесін жинақтайды, мақалалар жариялайды.
Озық тәжірибені үнемі зерделейді, оны практикада қолданады, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгерген, диагностикалық материалдарды жүйелейді, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістемелерін меңгерген.
Әдіскердің лауазымдық міндеттері:
ПМПК ұжымының қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады.
Балаларды кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру, ата-аналарға, педагогтарға кеңес беру бойынша мамандардың жұмысын үйлестіреді.
Басшымен бірлесіп ПМПК қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Басшымен бірлесіп мамандардың консультациялық-диагностикалық процестің сапасын, белгіленген үлгідегі құжаттаманың толтырылуын бағалайды.
Мамандарды консультациялық-диагностикалық процесті ұйымдастыруда жоспарлы және жедел әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді, оларға біліктілікті арттыруда, әдістемелік жұмысты жүзеге асыруда консультациялық және практикалық қолдау көрсетеді.
Балалық шақ мәселелері бойынша семинарларға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысады.
Ата-аналарға (заңды өкілдерге), білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарының мамандарына консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді.
Үнемі біліктілігін, кәсіби деңгейін арттырады.
Ғылыми-зерттеу, жобалау жұмыстарын ұйымдастырады.
Әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдайды, қызмет нәтижелерін жинақтайды, ПМПК тиімді тәжірибесін таратуға жәрдемдеседі.
Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін дайындауды және жүргізуді қамтамасыз етеді.
Белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беруді дамытуға ықпал етеді.
Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жағдайын талдайды.
Өзінің кәсіби дамуымен, оның ішінде менеджмент саласында жұмыс істейді.
Педагогтар мен басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.
Еңбекақы мөлшері:
-  педагог  166705 теңгеден 191234 теңгеге дейін.
- педагог-модератор  223124 теңгеден 262765 теңгеге дейін.
- педагог-сарапшы 232379 теңгеден 273949 теңгеге дейін.
- педагог-зерттеуші 25513 теңгеден 294301 теңгеге дейін
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде (2024 жылғы 12-20 қыркүйек аралығында) мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: 101600, Шахтинск қ., Парковая көшесі, 35а ғимараты, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды облыстық "ПМПК № 6" КММ, анықтама үшін телефондардың нөмірлері: 8-72156-22112, 8-72156-23181, электрондық мекен-жайы Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript..
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Қажетті ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: 101600, Шахтинск қаласы, Парковая көшесі, 35а ғимарат, Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды облыстық «№ 6 ПМПК» КММ, анықтама үшін телефоның нөмірі: 872156-22112, 872156-23181.

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ № 6 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯСЫ» КММ педагогтардын  бос лауазымдарына

орналасуға конкурс жариялайды:

  1. дефектолог-мұғалім,
  2. логопед-мұғалім,
  3. тифлопедагог,
  4. сурдопедагог,
  5. педагог-психолог,
  6. әлеуметтік педагог,
  7. әдіскер.

орналасқан жері (мекен-жайы): Қарағанды обл., Шахтинск қ., Парковая көшесі, 35а ғимараты, электронды мекен-жай Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript., анықтама үшін телефоның нөмірі: 872156-23181, 872156-22112.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

арнайы педагогтар үшін (мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, сурдопедагог, тифлопедагог)

жұмыс өтіліне талап қойылмай, «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл.

Білуі керек:  

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;

арнайы педагогика;

оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;

арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;

педагогикалық әдеп нормалары;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

педагог-психолог үшін

«Педагогика және психология» бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда, мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

тұлға психологиясы, дифференциалды балалар және жас ерекшеліктері, әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;

дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар, мамандану және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері;

жеке және топтық кеңес берудің заманауи әдістері,

баланың дамуын диагностикалау және түзету,

педагогикалық әдеп нормалары;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

әлеуметтік педагог үшін

жоғары педагогикалық білімі немесе «Әлеуметтік педагог» бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымында кемінде 5 жыл.

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

педагогика және психология, физиология, гигиена;

педагогикалық әдеп нормалары;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

әдіскер үшін

"Арнайы білім" (Дефектология) немесе "Психология" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілін кемінде 5 жыл растайтын құжат.

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенцияны", Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасында", "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы","арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"," Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, педагогика мен психология негіздерін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, менеджмент негіздерін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер.

Дефектолог-мұғалімнің лауазымдық міндеттері:

0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды педагогикалық тексеруді жүзеге асырады, ерекше білім беру қажеттіліктерінің құрылымы мен сипатын анықтайды, баланың психофизикалық мәртебесін ескере отырып, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.

Балаға ұсынылған құжаттарды зерделейді және талдайды.

Танымдық қызметі бұзылған балаларға түзету-педагогикалық қолдау бағыттарын анықтайды.

Ата-аналарға, педагогтарға балалардың танымдық іс-әрекетінің бұзылуын түзету, балалардың танымдық саласының баяу даму қарқынын еңсеру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

Білім беру және оңалту бағытын анықтау мақсатында зерттеу нәтижелерін алқалы талқылауға қатысады.

Білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді.

Білім беру жүйесінде ұқсас бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

Семинарларға, конференцияларға, кәсіби қауымдастықтарға қатысады.

Әдістемелік кеңестердің отырыстарына қатысады. Өзінің кәсіби тәжірибесін жинақтайды, мақалалар жариялайды.

Озық тәжірибені үнемі зерделейді, оны практикада қолданады, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгерген, диагностикалық материалдарды жүйелейді, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістемелерін меңгерген.

Ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланысты жүзеге асырады, оларға ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша консультация береді.

Логопед-мұғалімнің лауазымдық міндеттері:

0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды логопедиялық тексеруді жүзеге асырады, ерекше білім беру қажеттіліктерінің құрылымы мен сипатын анықтайды, баланың психофизикалық мәртебесін ескере отырып, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.

Әртүрлі генездегі және айқындылық дәрежесіндегі ауызша және жазбаша сөйлеудің бұзылуын диагностикалайды, білім беру ұйымдарындағы логопедтік көмектің бағыттарын айқындайды.

Сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстарының жалпы бағыттарын анықтайды.

Сөйлеу бұзылыстарын түзету мәселелері бойынша ата-аналарға, педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді.

Балаға ұсынылған құжаттарды зерделейді және талдайды.

Білім беру және оңалту бағытын анықтау мақсатында зерттеу нәтижелерін алқалы талқылауға қатысады.

Білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді.

Білім беру жүйесінде ұқсас бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

Семинарларға, конференцияларға, кәсіби қауымдастықтарға қатысады.

Әдістемелік кеңестердің отырыстарына қатысады. Өзінің кәсіби тәжірибесін жинақтайды, мақалалар жариялайды.

Озық тәжірибені үнемі зерделейді, оны практикада қолданады, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгерген, диагностикалық материалдарды жүйелейді, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістемелерін меңгерген.

Ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланысты жүзеге асырады, сөйлеу қабілеті бұзылған білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша оларға консультация береді.

Тифлопедагогтың лауазымдық міндеттері:

0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды тифлопедагогикалық тексеруді жүзеге асырады, ерекше білім беру қажеттіліктерінің құрылымы мен сипатын айқындайды, көру функциясының жай-күйін, баланың психофизикалық мәртебесін ескере отырып, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.

Балалардың даму ақауының құрылымы мен айқындылық дәрежесін, оқытуда арнайы құралдарды қолдану қажеттілігін (Брайль қарпі, үлкейткіш лупалар және т.б.) айқындайды.

Көру қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстарының жалпы бағыттарын анықтайды.

Көру қабілеті бұзылған балалармен білім беру ұйымдарындағы тифлопедагогтың жұмыс бағыттарын анықтайды.

Балаға ұсынылған құжаттарды зерделейді және талдайды.

Көру қабілеті бұзылған балаларды оңалту, оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға, педагогтарға, медицина қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсетеді.

Білім беру және оңалту бағытын анықтау мақсатында зерттеу нәтижелерін алқалы талқылауға қатысады.

Білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді.

Білім беру жүйесінде ұқсас бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

Семинарларға, конференцияларға, кәсіби қауымдастықтарға қатысады.

Әдістемелік кеңестердің отырыстарына қатысады. Өзінің кәсіби тәжірибесін жинақтайды, мақалалар жариялайды.

Озық тәжірибені үнемі зерделейді, оны практикада қолданады, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгерген, диагностикалық материалдарды жүйелейді, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістемелерін меңгерген.

Ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланысты жүзеге асырады, оларға ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша консультация береді.

Сурдопедагогтың лауазымдық міндеттері:

0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды сурдопедагогикалық тексеруді жүзеге асырады, ерекше білім беру қажеттіліктерінің құрылымы мен сипатын айқындайды, есту функциясының жай-күйін, баланың психофизикалық мәртебесін ескере отырып, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.

Арнайы әдістерді қолдана отырып, баланың сөйлеу және есту қабілетін зерттеуді қамтитын балалардағы даму ақауының құрылымы мен айқындылық дәрежесін анықтайды: А) тональды есту қабілетін зерттеуге дайындық; б) есту жағдайын педагогикалық зерттеу.

Есту қабілеті бұзылған балалармен, оның ішінде кохлеарлық имплантациядан кейін түзету жұмыстарының жалпы бағыттарын анықтайды.

Есту қабілеті бұзылған, оның ішінде кохлеарлық имплантациядан кейінгі балалармен білім беру ұйымдарында сурдопедагогтың жұмыс бағыттарын айқындайды.

Балаға ұсынылған құжаттарды зерделейді және талдайды.

Кохлеарлық имплантациядан кейін есту қабілеті бұзылған балаларды оңалту мәселелері бойынша ата-аналарға, педагогтарға, медицина қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсетеді.

Білім беру және оңалту бағытын анықтау мақсатында зерттеу нәтижелерін алқалы талқылауға қатысады.

Білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді.

Білім беру жүйесінде ұқсас бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

Семинарларға, конференцияларға, кәсіби қауымдастықтарға қатысады.

Әдістемелік кеңестердің отырыстарына қатысады. Өзінің кәсіби тәжірибесін жинақтайды, мақалалар жариялайды.

Озық тәжірибені үнемі зерделейді, оны практикада қолданады, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгерген, диагностикалық материалдарды жүйелейді, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістемелерін меңгерген.

Ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланысты жүзеге асырады, оларға ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша консультация береді.

Педагог-психологтың лауазымдық міндеттері:

Баланың дамуы туралы ұсынылған құжаттарды, ата-аналардан (заңды өкілдерден) алынған ақпаратты талдау негізінде 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді психологиялық тексеруді жүзеге асырады, олардың психикалық даму ерекшеліктерін, ақаудың психологиялық құрылымын анықтайды, зияткерлік даму деңгейі мен ерекшеліктерін айқындайды.

Әр түрлі психодиагностикалық әдістерді қолдана отырып, терең психологиялық тексеру жүргізеді, оның нәтижелері психологиялық қорытынды түрінде жасалады.

Балалардың жеке және әлеуметтік даму мәселелерін зерттейді.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға түзету-педагогикалық қолдау және психологиялық көмек көрсету бағыттарын айқындайды.

Ата-аналарға, педагогтарға психологиялық даму бұзылыстарын түзету, балалардың зияткерлік қызметі, психологиялық көмек көрсетудің басқа да мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

Білім беру және оңалту бағытын анықтау мақсатында зерттеу нәтижелерін алқалы талқылауға қатысады.

Білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді.

Білім беру жүйесінде ұқсас бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

Семинарларға, конференцияларға, кәсіби қауымдастықтарға қатысады.

Әдістемелік кеңестердің отырыстарына қатысады. Өзінің кәсіби тәжірибесін жинақтайды, мақалалар жариялайды.

Озық тәжірибені үнемі зерделейді, оны практикада қолданады, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгерген, диагностикалық материалдарды жүйелейді, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістемелерін меңгерген.

Ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланысты жүзеге асырады, оларға ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша консультация береді.

Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері:

Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның микроорталарын, өмір сүру жағдайларын зерттейді, мүдделер мен қажеттіліктерді, проблемаларды, жанжалды жағдайларды, 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды.

Әлеуметтік қолдауға, оңалту іс-шараларына мұқтаждығы мен қажеттілігін анықтау мақсатында баланың отбасына әлеуметтік-педагогикалық тексеру жүргізеді.

Ата-аналарға (оларды алмастыратын адамдарға) баланың әлеуметтік тәрбиесі және оны әлеуметтік-құқықтық қорғау мәселелері бойынша консультация береді; әлеуметтік-педагогикалық қолдауды қажет ететін балаға құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі.

Отбасы мен білім беру, әлеуметтік, медициналық мекемелер арасында делдал болады; ата-аналармен, әлеуметтік қызметтердің мамандарымен, отбасылық және жастар жұмыспен қамту қызметтерімен және т.б. балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуде өзара әрекеттеседі.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді педагогикалық, әлеуметтік-еңбектік бейімдеу және оңалту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысады.

Әлеуметтік-педагогикалық тексеру хаттамасын жүргізеді, «Баланың даму картасын» рәсімдейді. ПМПК қорытындыларын Қарағанды облысының арнайы және жалпы білім беру ұйымдарына жіберілген балаларды тіркеудің тиісті журналдарында тіркейді.

Балаға ұсынылған құжаттарды зерделейді және талдайды.

Ата-аналарға, педагогтарға, әлеуметтік қызметкерлерге әлеуметтік көмек алу, мүгедектікті рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

Білім беру және оңалту бағытын анықтау мақсатында зерттеу нәтижелерін алқалы талқылауға қатысады.

Білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді.

Білім беру, әлеуметтік қорғау жүйесінде ұқсас бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

Семинарларға, конференцияларға, кәсіби қауымдастықтарға қатысады.

Әдістемелік кеңестердің отырыстарына қатысады. Өзінің кәсіби тәжірибесін жинақтайды, мақалалар жариялайды.

Озық тәжірибені үнемі зерделейді, оны практикада қолданады, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгерген, диагностикалық материалдарды жүйелейді, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістемелерін меңгерген.

Әдіскердің лауазымдық міндеттері:

ПМПК ұжымының қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады.

Балаларды кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру, ата-аналарға, педагогтарға кеңес беру бойынша мамандардың жұмысын үйлестіреді.

Басшымен бірлесіп ПМПК қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асырады.

Басшымен бірлесіп мамандардың консультациялық-диагностикалық процестің сапасын, белгіленген үлгідегі құжаттаманың толтырылуын бағалайды.

Мамандарды консультациялық-диагностикалық процесті ұйымдастыруда жоспарлы және жедел әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді, оларға біліктілікті арттыруда, әдістемелік жұмысты жүзеге асыруда консультациялық және практикалық қолдау көрсетеді.

Балалық шақ мәселелері бойынша семинарларға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысады.

Ата-аналарға (заңды өкілдерге), білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарының мамандарына консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді.

Үнемі біліктілігін, кәсіби деңгейін арттырады.

Ғылыми-зерттеу, жобалау жұмыстарын ұйымдастырады.

Әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдайды, қызмет нәтижелерін жинақтайды, ПМПК тиімді тәжірибесін таратуға жәрдемдеседі.

Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін дайындауды және жүргізуді қамтамасыз етеді.

Белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Инклюзивті білім беруді дамытуға ықпал етеді.

Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жағдайын талдайды.

Өзінің кәсіби дамуымен, оның ішінде менеджмент саласында жұмыс істейді.

Педагогтар мен басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.

Еңбекақы мөлшері:

-  педагог  166705 теңгеден 191234 теңгеге дейін.

- педагог-модератор  223124 теңгеден 262765 теңгеге дейін.

- педагог-сарапшы 232379 теңгеден 273949 теңгеге дейін.

- педагог-зерттеуші 25513 теңгеден 294301 теңгеге дейін

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде (2023 жылғы 26 сәуірден 05 мамырға дейін) мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: 101600, Шахтинск қ., Парковая көшесі, 35а ғимараты, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды облыстық "ПМПК № 6" КММ, анықтама үшін телефондардың нөмірлері: 8-72156-22112, 8-72156-23181, электрондық мекен-жайы Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript..