Қарағанды облысы білім басқармасының "№6 Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету және тексеру.
Назар аударыңыз!
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылу бойынша көрсетіледі!
Сіз Жеке кабинетте тіркелу арқылы жазыла аласыз
https://malahit24.kz/ru
Тексеру күні өзіңізбен бірге құжаттар пакеті болуы тиіс:
- Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
- 1) туу туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
- 2) мүгедектік туралы қорытынды (бар болса);
- 3) денсаулық жағдайы бойынша үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балаларды статистикалық есепке алу үшін) (бар болса).
- 4) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші тереңдетіп тексеру үшін қосымша мынадай құжаттарды сұратады:
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген "амбулаториялық пациенттің медициналық картасы" № 052/у нысаны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
- 5) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
- 6) оқу тілі, математика бойынша жазбаша жұмыстар, суреттер және басқа да қызмет нәтижелері.
- 1), 2) тармақшаларда санамаланған құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.